Quantcast
Channel: 8 наурыз - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 79 articles
Browse latest View live

Аялайық ананы

$
0
0

«Аялайық ананы»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Мансур:Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.

Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып,
Біржан:Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 — Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!

Мансур : 1 бөлім әдеби монтажды бөлім. Алдарыңызда «Ата мен бала» көрінісі. Қабыл алыңыздар.

1 – бөлім. Көрініс «Ата мен бала»

Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде,  Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды.Ол ханның қайсар да қайратты 7 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты. Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.

Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.

Автор: Хан ұлдарын қасына жинады.

Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?

Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.

Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.

Автор:Патшаға абыз қария келеді.

Қария: Дат, тақсыр!

Хан: Датың болса, айт!

Қария: Менің айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.

Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.

Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар!

Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз?

Хан: Өнеріңді көрсет.

Бала: Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.

Автор:  Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.

1 — қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.

2 — қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.

3 — қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.

4 — қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.

5 — қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.

6 — қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.

Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.

Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.

Аружан: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім? Бәрі:- Ана.

Аружан: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім? Бәрі: – Ол – мейірімді ана.

Аружан: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.

1 оқушы:Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,

«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.

«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,

«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!

2 оқушы:Жан ана, құттықтаймын мерекеңмен,

Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.

Төрлесін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!

 3 оқушы:Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

4 оқушы: Анам менің панам ғой

Содан қорған табам ғой

Асықпа, ана, ертең – ақ

Отың болып жанам ғой.

 5 оқушы:Әлпештеген баласын,

Ана бақыт – ана күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын!

 6 оқушы:Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жиған,

Дүниенің ардақтысы анам екен.

 7 оқушы:Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

 8 оқушы:Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар намысты сақтаған,

Мен анамның сонысымен мақтанам.

Біржан :Хор «Көктем келді»

 9 оқушы:Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

 10 оқушы:Ерлік, еңбек атқарған,

Еңбегімен мақтанған.

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ мамам.

 11 оқушы:Ана – бақыт, ана күн,

Ана – өмір тірегі.

Ана – өмір себуші,

Ана – сарқылмайтын бұлақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім.

Мансур: Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын,

Көкжиектен таң сайын асықты кун.

Біржан:Келді тағы көктемнің мерекесі

Дидарыңа шуағын шашып бүгін – дей келе 4Ә және 4Д сыныбының аналарға арналған мерекелік ән-шашуын қабыл алыңыздар.

Мансур:  Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз – ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділік махаббатын бере білген. Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Сондықтан да, балалар аналарды құрметтейік, нұрға бөлейік, аналар алдында бас иейік.

Аружанның орындауында «Ана» әні.

Біржан: Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,
Ару – өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама.
                               Рамазанның орындауында «Әке – Ана » әні.

Мансур:  қыздардың орындауында «Көңілді күн» биін тамашалаңыздар.

Біржан: мұсылман қауымы анаңды мекеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.

                           Мәдидің орындауында                                     күйі.

Мансур: бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет

                      хор «Мама»

Біржан: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі-бәрі анадан туған. Ұлағатты аналар сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

                 Аружан, Жанерке, Томиристің орындауында

Мансур:  квартет Аружан, Рамазан, Аружан, Ернаттың орындауларында «Әже» әнін тамашалаңыздар.

Біржан: қазақ биі.

Мансур:  Аружан мен Айшаның орындауларында «Көктем келді» әні.

Біржан Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Мансур:  Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

 

Дей келе

 

 мерекелік ән – шашу.

 

Ән: «Аяулы анашым»

Би: «Бипыл»

Ана туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Қорытындылау:  Ана мейірімімен бар баланың көңіліне көктем орнап, жаздай жайнай түссін деген тілекпен мерекелік кешімізді аяқтаймыз!

 


Аналар мерекесі

$
0
0

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№142 орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі

Кариева Ғазиза Абдуллаевна

 

Білім беру саласы: қатынас

Білім көздері: тіл дамыту

Тақырыбы:Аналар мерекесі

Мақсаты: Көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке-аналар мерекесі туралы түсінік беру.Өлең мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу. Қуанышты мерекелік көңіл-күй арқылы әртүрлі іс-әрекеттерде шығармашылық қабілеттерін дамыту. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Әдістері: жаттау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын.

Түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Көрнекіліктері: слайдтар, суреттер, күн мен бұлт.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

 

Амансың ба алтын күн!

Амансың ба жер-ана!

Амансың ба достарым!

Сендерді көріп шаттанам

Балалар бірге

қайталайды

Ізденістер. Ұйымдастыру.

«Бұлт астындағы күн»

ойыны

Ойын шарты:Балалар күннің бетін жапқан бұлттарды алып,сұрақ-

тарына жауап береді

1Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?

2 Қазір жылдың кай мезгілі?

3Көктем айларын ата.

4Көктемде қандай мерекелер бар?

5Аналар мерекесіне анаңа не сыйлағың келеді?                                                                                 

-Міне балалар бұлт астынан жарқырап күн де шықты.

шықты.Біз де осылай күндей жарқырап ана-

ларымызды қуанта берейік.  

Сергіту  сәті.                                                                     

Сонымен көктемнің алғашқы мерекесі қандай  мереке  екен?

8-наурыз аналар мереке-

сі.Бұл мереке халықара-

лық мереке.Сондықтан

бұл мерекені бүкіл әлем

болып тойлаймыз.

Дәптермен жұмыс:

                                                       

Дәптерімізде аналар

мерекесіне байланысты

суреттер берілген.Осы

суретке қарап әңгіме құ-

райық.

-Мына суретте қандай санды көріп тұрсыңдар.

Яғни 8-наурыз аналар мерекесі.Мерекеге Арман анасына арнап домбырамен  ән  айтып  жатыр.

Ал мына суретте Айдос  анасына  гүл  сыйлап  жатыр.

Ендеше 8-наурыз аналар

мерекесі.Анаңа не сыйлағың келеді.Суретін сал.Келесі тапсырмамыз

өлеңді бірге жаттайық.

Біліп тұрсың,жан анам

Міндеті үлкен ботаңның

Күтері сол баладан

Ана менен Отанның.

Әке-асқар тау

Ана- ағып жатқан бұлақ

Бала-жағасындағы құрақ.

Мақалдың мағынасын ашып түсіндіремін.

 

Балалар  сұрақтарға  жауап  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту  сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет   бойынша  әңгіме құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірге  жаттайды.

Қорытынды:

Көктемнің алғашқы мерекесін ата.

Анаңа қандай тілек айтасың.

 

Балалар сұраққа жауап береді.

 

Көктем аруы

$
0
0

Бабиева Дана Кайратовна


Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Мамандығы: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Біліктілігі: Тәрбиеші
Жұмыс орны: ШҚО, Күршім ауданы, Теректі ауылы, Теректі ауылының балалар бақшасы.
Тақырыбы: Көктем аруы

Мақсаты: Ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайту арқылы мерекелік шараларға тарту. Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды мейірімділікке, бауырмалдыққа, үлкенді сыйлауға, баланың ең асыл ардақты адамы – ананы қадірлей білуге тәрбиелеу.

1-Жүргізуші:

Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп.

Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

 

2-Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын! «Айгөлек» тобының «Көктем аруы - 2015» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

 

1-Жүргізуші:

Теректі балабақшасы шуақ шашар жырымен,

Мың бұрала, құлпырар қыздарымен.

Салт-дәстүрді сақтайық, той-думанда,

Өткізейік сайысты «Көктем аруы – 2015 жылымен»

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойында жарасқан күлкі әдемі,

Бір көргенде болмай-ақ, тек сахнада

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі, - демекші сайысқа қатысушы ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.

 

1.Жанары өткір, жүзі бал-бұл жанған, шымыр қызымыз – Адильбекова Еңлік

  1. Биязы, жаны нәзік қызымыз – Нұрланқызы Әдемі

3.Сөзі өткір, өзі пысық, сұлу қызымыз –  Амангелдинова Айназ

4.Сөзі сыпайы, өзі әдепті, сүйкімді қызымыз – Манарбекова Айтолқын

  1. Баппен сөйлейтін, тілге шешен сұлу қызымыз – Қыстаубаева Ботагөз

6.Сөзі салмақты, білімді қызымыз – Ауелбекова Самал

  1. Би десе алдына жан салмайтын сұлу қызымыз – Бақытбекова Айғаным

8.Ісі тиянақты, он саусағынан өнер тамған сүйкімді қызымыз – Теміралова Айым

9.Инабатты, әдепті, жаны нәзік қызымыз – Берыханова Наргиз

10.Сыпайы, сүйкімді, сұлу қызымыз – Муратпекова Малика

  1. Жарқыраған жұлдыздай, анасының ерке қызы – Болатбек Жұлдыз
  2. Сұңғақ бойлы, сұлу қызымыз – Сайрамхан Айсымбат

13.Парасатты, ақылды қызымыз – Табыс Нұрсауле

14.Сымбатты, инабатты, сұлу қызымыз – Тоқтасын Гүлім

  1. Сөзі сыпайы, ақылды, сұлу қызымыз – Сарқытбекова Ақнұр

 

 

2-Жүргізуші:

Барлығыңыз тыңдаңыздар,
Өнерлерін сыйлаңыздар.
Алға шыққан қыздарға
Әділ баға сыйлаңыздар. Ал енді осы ару қыздарымыздың өнеріне баға беретін әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.

 

1.Балабақша меңгерушісі - Тиленбаева Бахытгүл Көбенқызы

2.Күншуақ тобының тәрбиешісі - Секенева Бакыт Ауганбековна

  1. «Айгөлек» тобының ата-анасы - Маржан апай

 

1-Жүргізуші: Енді сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады:

  1. Өзін-өзі таныстыру
  2. «Ас – адамның арқауы» Қыздарымыздың үйден дайындап әкелген тағамдарына баға бересіздер.
  3. «Қыз – халықтың гүлі, өнер сауықтың - гүлі», - демекші қыздарымыздың әр түрлі жанрдағы өнерлерін тамашалайық.
  4. Соңғы түйенің жүгі ауыр демекші мың бұралған қыздарымыз қазақ халқының ұлттық киімін киген сән үлгісін көрсетеді.
  5. «Ақылды мыңды жығар, білімді мыңды жығар», - демекші ару қыздарымызға әр түрлі логикалық сұрақтар қойылады.

 

2-Жүргізуші:

Өнер қуып аруларымыз өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін

Жарысқа түскен қыздар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін, - демекші 1-сайысымыз «Өзін-өзі таныстыруға» кезек берейік. (Арулар өздерін таныстырады да, келесі сайысқа дайындала береді.)

                   1-САЙЫС: Өзін-өзі таныстыру

Еңлік:

Армысың өнер сүйер халқым менің,

Сәлем берем ата-баба салтыменен.

Өзімді таныстырсам ізгілікпен

Аділбек – тегім, Еңлік атым менің.

Орта жүз, Қабанбайдың ұрпағымын,

Жәлменбет, Есембайдың бір талымын.

Ата-анамның үмітін ақтайтындай

Ерекше дара туған қыздарыңмын.

 

Әдемі:

Асқар таудай әкешім

Қамқорсың бізге панасың.

Балдай тәтті Балымым

Сіңілім өзің ғанасың.

Ақ сүт беріп асырап,

Мәпеледің анашым.

Дәл мен үшін бір өзің

Ақылы көп данасың.

 

Айназ:

Атым Айназ, Амангелді тегімін,

Гүлі болам туып өскен жерімнің,

Әкем – Бақыт, Гүлнурдай анам бар,

Бәрі мен ойлап алаңдар.

 

Самал:

Сәлем бердім сіздерге

Сәлемін қабыл алыңыз

Самал деген баланың

Осы күнге сақтаған.

Тақпағым бар жаттаған.

Ән де айта аламын,

Би де билей аламын.

Өзім жап-жас болсамда

Таудай үлкен талабым.

Өнерімді көріңіз

Кқріп баға беріңіз.

 

Айғаным:

Бұзылмасын елім қаймағым

Жауқазындай жайнадым.

Алдарыңда тұрған өнерлі

Ержанқызы Айғаным.

 

Айым:

Таныстырсам өзімді Маратқызы Айыммын,

Орта жүздің Найман атты руынан

Бабамыз Жақау ұрпағымын

Бүлдіршін аруына қатысуға дайынмын.

 

Наргиз:

Таныстырсам өзімді

Талғатқызы Наргизбын

Ата-ананың еркесі

Жарқыраған жұлдызбын

Ата-анам менің тірегім

Қалқаман болар сүйегім

Марқаның ерке қызымын

Отан деп соғар жүрегім.

 

Малика:

Таныстырсам өзімді

Атым менің Малика.

Кішкентаймын мен әлі,

Жұрттың бәрі тани ма?

Болат атты әкем бар,

Еркелетер күнім деп.

Альмира деген анам бар

Мәпелетер гүлім деп.

 

Айсымбат:

Мен Айсымбат ақырған барыс жылымын,

Сайрамханның 4 жастағы қызымын.

Ішіп өстім Марқакөлдің тұнығын

Үйренемін жер әлемнің ғылымын.

 

Гүлім:

Анам мені «Гүлім» дейді,

Еркелетіп күнім дейді.

Әкем мені аялайды

Еш нәрсені аямайды.

Жарқырап тұр маңдайым,

Тақылдап тұр таңдайым.

Тоқтасынқызы Гүліммін

Қараңдаршы қандаймын.

 

1-Жүргізуші:    2-САЙЫС: «Ас – адамның арқауы». Қыздарымыздың үйден дайындап әкелген тағамдарына баға беріңіздер.

 

2-Жүргізуші:

Әнші, биші балалар,

Әртістердей болдыңдар.

Көрсетіп бар өнерді

Таңқалдырып тұрыңдар, - демекші «Айгөлек» тобындағы ұлдардың орындауында «Ырғақты биді» тамашалаңыздар.  (Адир, Тимур, Әділжан, Айдос, Бибарыс).

 

1-Жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Арулар аянбай-ақ ән салыпты, - демекші келесі сайысымыз «Қыз – халықтың гүлі, өнер сауықтың - гүлі», - демекші қыздарымыздың әр түрлі жанрдағы өнерлерін тамашалайық.

 

3-САЙЫС: Өз өнерін көрсету

 

Адильбекова Еңлікті ортаға шақырамыз. Еңліктің орындауында «Ескендір» поэмасынан үзінді.

 

1-Жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніміз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз,

 

2-Жүргізуші:

Теңдесі жоқ данасың

Артқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы, анашым, - демекші Әдемі мен Айсымбаттың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

 

1-Жүргізуші:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.

Сенсің ана жан күші

Сендей болсын бар кісі

Сендей болса бар кісі

Шексіз перзент алғысы, - демекші Самалдың орындауында анасына арналған тақпағын қабыл алыңыздар.

 

2-Жүргізуші:

Мың бұралып билеген

Кім бар екен сұлу қызды сүймеген

Бишілеріміз бар ырғақты биін билеген, - демекші Ботагөз бен Айғанымның орындауында «Шип-шип» әніне ырғақты биді ұсынамыз. Қол соғып қошемет көрсетейік.

 

1-Жүргізуші:

Балаларды көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейді қуана, - демекші Айымның орындауында ырғақты би «Попурри»

 

1-Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - демекші Жұлдыз бен Айназдың орындауында «Біз бақытты баламыз», - әнін қабыл алыңыздар.

 

2-Жүргізуші:

Бүгін бәрі ерекше

Бишілерде өнер көп.

Ырғақты би билейді

Ортамызда ұлдар көп, - демекші «Айгөлек» тобының орындауында ырғақты биді қабыл алыңыздар.    Малика мен Наргиз, Али, Ернұр, Исмет, Ілияс.

 

1-Жүргізуші:

Бізде де бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды

Ақыл айтсақ, бұйырсақ, - демекші Айтолқын мен Ақнұрдың орындауында «Кір қуыршақ» әнін қабыл алыңыздар.

 

2-Жүргізуші:

Наурыз келді тамаша

Би билейміз таласа.

Әжем, анам той тойлап

Қуанып жүр балаша, - демекші Гүлімнің орындауында ырғақты биді қабыл алыңыздар.

 

1-Жүргізуші:

Қара жорға болмаса бидің сәні келе ме, - демекші Нұрсауле мен анасының орындауында «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.

 

2-Жүргізуші:

Ойын: Қолдарынан ұстап таны.

Барысы: Ойынға 4 ата-ана (ұлдардың ата-аналары) қатысады. Ата-аналардың көздері байлаулы болады да, өздерінің балаларын қолдарынан ұстап тану керек.

 

 

1-Жүргізуші:

Анам менің күн көзіндей шуақты

Даладай кең таулы қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы

Жан анадан тарап жатқан сияқты, - демекші бүгінгі мерекемізге ән шашуын алып келген Абзалбеков Азаматтың орындауынды «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

 

1-Жүргізуші:

Көйлек киіп әдемі,

Тамсандырам елімді

Түрлі-түсті сән көйлек

Көз тартады не керек.

 

2-Жүргізуші:

Гүл көктемнің ерекше аппақ нұрысың,

Қыздарымыз әдемі әсем гүлісің.

Жарасымды балаға, бүгінгі күн,

Ұсынамыз жаңаша сән үлгісін - демекші мың бұралған қыздарымыз қазақ халқының ұлттық киімін киген сән үлгісін тамашалайық.   

4-САЙЫС: Сән үлгісі.

 

1-Жүргізуші:

Бәрекелді қошемет сайыскерлерге,

Жер үстінде адам өмір өткізер.

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,

Бар ізгілік тек білімнен алынар, - демекші 5-САЙЫСЫМЫЗДА ару қыздарымызға әр түрлі логикалық сұрақтар қойылады.

 

2-Жүргізуші:

1.Орманда шөлдеп келе жатып, шұңқырға өзі секіріп түседі. Бұл қай ертегіден үзінді? Түлкі мен ешкі

2.Бағдаршамда неше көз бар? 3

3.Көк туымызда ненің суреті бейнеленген? Күн, бүркіт,

  1. «...Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым» – бұл қай ертегі? Бауырсақ

5.Төрт санының алдында қай сан, артында қай сан? 3-5

  1. Бір сиырға неше пар аяқ-киім керек? 2 пар

7.ҚР президенті кім? Н.Ә.Назарбаев

  1. Жұмбақ:Дәмі жоқ, түсі жоқ. Пайдаланбас кісі жоқ.Ол не? Су

9.Үй жануарларын ата.  Қой, сиыр, түйе, жылқы, ешкі.

10.Неше рәмізіміз бар? 3 Ту, елтаңба, әнұран

11.Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем

12.Шөл даланың кемесі деп қай жануарды айтады? Түйе

13.Жұмбақ: Әрі тәтті, жеген жанды таңырқатты. Алма 

  1. «Айгөлек» тобындағы тәрбиешілердің аты-жөні кім?

15.Дала аңдарын атап бер: аю, қоян, қасқыр, түлкі.

 

1-Жүргізуші:

Ана – біздің гүліміз,

Ана біздің күніміз.

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз,

2-Жүргізуші:

Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі - демекші құрметті ата-аналар балаларыңыздың «Ана» туралы тақпақтары мен сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

 

ЕҢЛІК: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

ТИМУР: Біз доспыз гүлдермен, 
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз. 

ЖҰЛДЫЗ: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.                                                


БИБАРЫС: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен 
Құрметті аналар.

АҚНҰР: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

АЙДОС: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам, 
Жас балаша күледі. 

НҰРСАУЛЕ:  Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

АЙСЫМБАТ: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді 
Сыйлайды оны бар адам. 

ІЛИЯС: Әлпештеген аялаған, 
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған, 
Мейрамын мен құттықтаймын.

ӘДІЛЖАН: Мен анам мұғалім,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай. 
Оқытушы боламын.

АЙНАЗ: Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

ГҮЛІМ: Еркелеймін, шаттанам,
Жарқын күлкің - бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші, келші, келші, ақ мамам!

НАРГИЗ: Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!                                             

ӘДЕМІ: Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама,
Ешкім де жетпейді.

ИСМЕТ: Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.

АЙҒАНЫМ: Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.                                                 

АЙТОЛҚЫН: Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман сау бол ақ мамам!

САМАЛ: Өзіңсің өмірдегі бар ардағым
Жыр жаздым, тұңғыш саған, ән арнадым.
Анашым айтарым көп, тіл жетпейді.
Бір сендей асыл жанды таба алмадым.

ЕРНҰР: Маған қымбат жан жоқ сірә анадан
Бар жақсылық аналардан таралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам

АЙЫМ: Анам мені Айым – дейді
Мен мұңайсам уайым жейді
Анам мені «Күнім» - дейді
Мен қуансам күлімдейді.

БОТАГӨЗ: Әлпештеген әжем қымбат
Қамқор болған анам қымбат
Бірге ойнаған досым қымбат
Қөмектескен інім қымбат
Білім берген тәрбиешім қымбат.

АДИР: Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан                                     

Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын анажан!

ӘЛИ:Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз

МАЛИКА: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.

Жүргізуші:

Ұлтымыздың әр сөзі

Асып жатыр кәдеге

Қыздарымыздың сайысы

Келіп жетті мәреге, - демекші сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берейік.

 

Ата-аналарға сөз кезегі беріледі.

 

Жүргізуші:

Аналар ғой қуат берер тірлікке,

Алдарында сәби болып жүрдікте.

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп

Үйрететін ынтымаққа, бірлікке.

 

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміз тыныш, аналарымыз аман болсын! Осымен біздің «Көктем аруы - 2015» ертеңгілігіміз аяқталды.

 

 

Балабақша, 8 наурыз: «Ана – аса қымбатты жан»

$
0
0


ШҚО, Жарма ауданы
КМКҚ «Бастау» балабақшасы
«Балауса» тобының тәрбиешісі
Зейнелсадыкова Еркежан Серікжанқызы

Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»

8 наурыз мерекесіне не сыйлауға болады?

$
0
0

8 наурыз мерекесіне екі күн ғана қалды. Жақындарыңызға сыйлық алып үлгерді

8 наурыз сыйлық

1. Ыдыс-аяқ жинағы

Ыдыс-аяқ

Әрине, бұл сыйлықты сүйген қызыңызға беру ыңғайсыздау болар, алайда анаңыз бен жарыңыз үшін өте пайдалы болмақ. Ыдыс-аяқ таңдау кезінде оның назар аударарлық дизайнда болуын ескеріңіз. Ол ерекше таңданыс тудырады. Нәзік жандылар бір-бірінен бұл затты қайдан алғанын міндетті түрде сұрайды. Сол кезде сіздің сыйлық таңдаудағы тапқырлығыңыз таңданыс тудыратыны сөзсіз.

2. Орамал

Әсел Әділ Adili ұлттық орамалдар

“Орамал тон болмайды, жол болады” дейміз. Ендеше нәзік жандылардың қай-қайсысына болмасын орамал сыйлауға болады. Оны таңдау кезінде сыйлайтын адамыңыздың жас мөлшерін есіңізден шығармаңыз. Сондай-ақ, биылғы жылы сәнде болатын түстерден таңдаңыз. Бұл сіздің бірталай ізденгеніңізді, мерекеге салғырттық танытпағаныңызды айғақтай түспек.

3. Ұлттық нақыштағы киім

қазақша жилет

Қазіргі кезде ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлер сәнге айналып жатыр. Сол себепті анаңызға оюлы камзол, жарыңыз бен әпке-сіңілдеріңізге, қыздарыңызға да қазақы стильдегі көйлек, болмаса жилет алып беруге болады. Бұл сыйлық алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз мерекесінде де өз маңызын жоғалтпайды.

4. Фотомозайка

Фотомозайка

Қазіргі уақытта сәнге айналып жатқан сыйлықтың бірі – фотомозайка. Танымал сыйды алса, таңдаулыңыз таңданып әрі қуанып қалары сөзсіз. Олардың әртүрлі өлшемдері бар. Әлеуметік желілерден іздесеңіз, мозайка жасаушылардың бірнешеуін оңай тауып, тапсырыс беруге болады.

5. Қолдан жасалған сыйлық

Әрбір нәзік жанды өзіне арнайы жасалған сыйлықты ұнататынын айтқан болатынбыз. Егер сіз дайын затты сатып алмай, уақытыңызды бөліп, өз қолыңыздан сыйлық жасасаңыз, сүйіктіңізді қуанта аласыз. Мәселен, өз қолыңыздан фотокубик жасаңыз.

8 наурыз мерекесі қалай пайда болды?

$
0
0

Алғашқы уақытта әйелдер күні ақпан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін. Ал 8 наурызға белгіленгенге дейін де бірталай рет ауыстырылды.

 

Махаббат туралы үздік өлеңдер

$
0
0

Ақынның Музасы болған сұлулық иелері күллі әлемнің әсемдігіндей. 8 наурыз қарсаңында қазақ әдебиетіндегі үздік ақындардың махаббат туралы, әйелдер жайлы өлеңдерін топтастырып отырмыз.

 

Білектей арқасына өрген бұрым...

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Аласы аз қара көзі айнадайын,

Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,

Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,

Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?

Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,

Болады осындай қыз некен-саяқ.

Піскен алма секілді тәтті қызды

Боламын да тұрамын көргендей-ақ.

Егерде қолың тисе білегіне,

Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.

Бетіңді таяп барсаң тамағына,

Шымырлап бу енеді сүйегіңе.

Абай Құнанбайұлы

 

Махаббат па?..

Махаббат па?

Махаббат болған еді.

Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,

Тапты да,түсірді ғой торға мені.

Махаббат па?

Махаббат болған менде.

Жиі барғам аққулар қонған көлге,

Ал қазір тоңған жүрек,солған кеуде.

Ғашықтық па? Ғашық та бола білгем.

Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен,

Жанымменен сүйемін,жанарыммен.

Сағыныш па? Қалай оны тауыса аламын.

Сағынғанмын,шөлдегем,

Ақыры шаршағаным,шаршағаным.

Сүйгенім бе? Сүйгенім өмірде емес.

Ұйықтасам, түнде түсім, көңілде елес,

Өлгенше кетер емес көңілден еш...

Мұқағали Мақатаев

 

О, махаббат!

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің!

Гүлім едің,

Елтіген түнім едің.

О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!

Мен сені ұмытқанмын

Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,

Суып қаным, Жинағам құрып хәлім.

Құлаған отауымның уықтарын,

Содан бері мен сені ұмытқанмын.

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Тірі болсаң, мен де енді тірілемін

Ақ періште алдына жүгінемін,

Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!

Мұқағали Мақатаев

 

Мың жұлдызы бар болса да...

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,

Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.

Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,

Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!

Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,

Маңдайда емес, жүректе - Ғашықтардың жанары.

Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,

Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,

Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!

Қадыр Мырза Әлі 8 март Әйелдердің күні дейді бұл күнді,

Бақтар жайнап, сайратады бұлбұлды.

Еркек түгел еркелерге берем деп,

Қолдарына ұстап апты бір гүлді.

Осынау күн - беделі бір өскен күн,

Жұрттың бәрін мен өзіме дос көрдім.

Қай қияға жұмсаса да баратын,

Әйелдерге антын бұзбас әскермін.

Ұмытылмай сонау жастық кездегі

Айтылады махаббаттың сөздері.

Гүлді ерекше ұнатады әйелдер,

Гүлдерге ұқсап тұрғаннан соң өздері.

Көктем алды Алатаудың өңірін,

Таңмен бірге әнге басты Бек інім.

Бір шоқ гүлді менде келем көтеріп,

Күлтайымның алайын деп көңілін.

Тұманбай Молдағалиев

 

Аяймын махаббатты жетім қалған

Өкінбеймін біреуді өпсең де өліп,

Өкінбеймін біреуге кетсең де еріп.

Жазмыштың маған жазған пендесіне

Мен-дағы кезігермін көп сенделіп.

Мұң ба екен, Мұның бәрі уайым ба екен?!

Бүгінде ойым бөтен, жайым бөтен.

Қойнына қона алмаған қос аққуға

Қол бұлғап қала берер – қайың мекен…

Жабықпа, жарылқасын бетіңді алдан.

Өткен күн өшкен, көшкен секілді арман…

Болар-ау бәрі де ұмыт, Амалым не,

Аяймын махаббатты жетім қалған.

Исраил Сапарбай

 

Кешкі ода Сенің ернің – пейіштегі гүл сынды,

Демің сенің – сездіреді тылсымды…

Көзің сенің – Ай жұтылған түн сынды,

Сезім неге мөлдіреген мұң сынды?..

Қара шашың – Қара теңіз толқыны,

Қарашығың – мен адасар жол түбі…

Жүрегіңе сезіле ме, тыңдашы,

Сені аңсаған жүрегімнің солқылы?!

Саусақтарың – жапырағы қайыңның,

Қауырсынның сәулелермен ойыны…

Жанарыңда жасырулы мың жұмбақ,

Көзқараста періштенің пайымы…

Қасың сенің – иілген адырнадай,

Сабырың ше? Құламас қабырғадай!

Кірпіктерің өрнек салар құбылған,

Әр өрнекте тығылған Тәңір бардай!

Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,

Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.

Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,

Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!

Бар өмірің мен үшін – жарық шашқан,

Төбемдегі жайқалған алып Аспан!

Бітсе менің өмірім жер бетінде,

Құстай болып көрінер жаным ұшқан.

Ұшса егер құс-жаным сағым құшқан,

Ұшса ұшар, бесауат сабылыстан.

Кетсем егер, кетермін бұл жалғаннан,

Саған деген өртенген сағыныштан!

Ақберен Елгезек


massaget.kz

Асыл анам

$
0
0

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Асыл анам.
Мақсаты: Ана жайлы өлеңдер, әндер арқылы аналарды , ұстаздарды құттықтау.
Оқушыларды білімге ,адамгершілікке , ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға , ұстазға деген сыйын арттыру.
1. Ұйымдастыру кезең.


8-наурыз! "Аяулы әжемнен үлгі алып өсем мен"сайыс

$
0
0


Ақтөбе облысы, Алға ауданы
№1 Алға мектеп-бақшаның
бастауыш сынып мұғалімі

1) "Аяулы әжемнен үлгі алып өсем мен" сайыс

Қазақша Тәрбие сағат: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш сынып | Ана - өмірдің гүлі)

$
0
0


Қазақша Тәрбие сағат: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш сынып | Ана - өмірдің гүлі)

8 наурыз: Анамызға мың алғыс! (ертеңгілік)

$
0
0

Анамызға мың алғыс!

(ертеңгілік)

Тәрбиеші: Уралбаева Гаухар Ибрагимовна

Топ: екінші кіші «Мұра» тобы

Көңілді ән ырғағымен балалар залға кіреді.Орындықтарына отырады.

-Қане, балалар , қараңдаршы ,бөлменің іші қандай әсем, әдемі.

-Сендер де қандай әдемісіңдер.

-Балалар, сендер неге әдемі киініп алғансыңдар?

-Мейрам.

-Ол қандай  мейрам?

-Аналар мейрамы.

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған,

Алтыным деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.

-.Кімнің анасы ең жақсы?

Балалар:-Менікі, менікі.

-Кімнің анасы мейірімді?

-Менікі, менікі

-Кімнің анасы әдемі?

-Менікі, менікі.

-Анамыз, кімге ұқсайды?

-Маған, маған.

Мода (қыздар)

Балалар қол ұстасып жүру, шеңбер жасап екіден айналу.(киімдерін көрсету)

-Ой, қандай жақсы биледіңдер, көйлектерің қандай әдемі.енді өз орнымызға отырайық жүгіреміз, жүгіреміз.

Қонаққа Қуыршақ келеді (Айзере ортаңғы топ)(Тоқ-Тоқ)

-Балалар біреу келген сияқты.

-Кіріңіз кім болды екен?

(Әдемі көйлегі бар қуыршақ кіреді)

-Сәлеметсіңдерме,балалар, мен қуыршақпын,көңілдімін.

Әрқашанда көңілдімін,көңілдімін.

Ән айтып, билегенді жақсы көремін.

-Көргілерің келе ме?

Онда мен ән айтып берейін.

-Мен көңілді қуыршақпын,

-Аяғымда әдемі етігім бар,

      Басымда әдемі орамалым бар

         Екі бетім албырап...., қызарып тұр.

  • Міне, қалай мен ән айттым, сендерге ұнады ма?
  • Балалар, сендер би билей аласыңдар ма?
  • Ия!!!
  • Онда бірге билейік, қане ортаға келіңдер.
  • Мен сендерге әдемі, түрлі түсті орамал беремін.Қараңдаршы қандай әдемі қызыл, көк, жасыл, сары орамалдар.

Би: «Әдемі орамалдар» биі

  1. Орамалдарды жоғары көтеріп көрсету.
  2. Орамалды еңкейіп, ары- бері тербелту.
  3. Орамалды артқа тығу.
  4. Балалар өздері орамалға тығылу.

Қуыршақ: Қандай жақсы биледіңдер,шаршадыңдарма?

                      -Ия

Тәрбиеші: Көңілді қуыршақ, сен де шаршаған сияқтысың ғой, кел сен де отыра ғой.

Тақпақтар:

Керім:   Анашым анам

Ризамын саған,

Тіліңді аламын

Ақылды боламын.

Айналайын анашым

Аялайсын бағасың

Мен үшін не керек

Бәрін іздеп табасың
Амира: Ана деген ақ көңіл

Күнмен бірге күледі

Ана деген шат көңіл

Шарықтайды үнемі

Інжу: Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Аниса: Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Рамазан: Ана біздің күніміз

 Ана біздің гүліміз

Бар баланы қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз
Көктем: (Сезім ортаңғы топ)

Сәлеметсіздер бе, қонақтар! Айнала қандай тамаша! Балалар бүгін бәрін әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Міне, мен сендерге асыға жеттім. Келе жатқан көктем мерекелерің құтты болсын!

Балалар: рахмет!

Көктем: балалар бірге ойын ойнайықшы.

Ойын: «Гүл жинау» ойыны

Хор: «Ақ мамам»

Сыйлықтарды аналарына тапсыру.

 

8 наурыз: Аналар – асыл қазынам

$
0
0

Тәрбиеші: Сарманова Акмарал Турановна

Топ: ортаңғы «Мирас» тобы

Тақырыбы: «Аналар – асыл қазынам»

Мақсаты: Балаларға 8-Наурыз халықаралық әйелдер мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарың ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:Армысыздар мейірімді әжелер, аяулы аналар, қызғалдақтай     құлпырған қыздар! Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурыз күні құтты болсын! Күндей шуақ шашып, жадырап жүрулеріңізге шын жүректен тілектеспіз! Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз!

Аяна:  Құрметті аналар, әжелер, барша қонақтар 8-Наурыз мерекесі құтты болсын!

Алдияр:   Аялаған, саялаған,

                  Бар бақытым, берекем.

                  Апатайым құттықтаймын,

                  Бүгін сенің мерекең!

Жүргізуші:  Ендеше, ортаға балабақшамыздың меңгерушісі, аяулы ұстаз,      ардақты ана, асыл жар Сулейменова Загила Рамазанқызын шақыруға рұқсат етіңіздер!

Хор - «Ақ мамам»

Аяна:  Асқар тау биігіміз сенсің әже,

             Жүрегің теңіздей кеңсің әже.

             Ұл-қызың армансыз болар еді,

             Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең әже.

Алдияр:  О, балалар, алақай! Әжеміз келе жатыр, жоғары шығыңыз, отырыңыз.

Аяна: Сізге арнап, балалар өлең шумақтарын айтып береді.

Айзере:  Әжем менің әлі де, ұқсамайды кәріге,

                Шай қайнатып береді, қажет болса бәріне.

                                                                                     (Қол-аяғын уқалайды)

Жанболат:  Жұмсайды әжем мені де, тауыққа жем беруге,

                       Ауырады кей кезде, аяғы да, белі де.

                                                                                     (Одеял жабады)

Сезім:  Біз дәрісін табамыз, қамқорлыққа аламыз,

              Әжемізді өзіміз, демде емдеп аламыз.

                                                                                      (Дәрі, су береді) 

Жүргізуші:  Жарайсыңдар, балалар! Қыздардың орындауында «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыздар.

Ән:  «Ақ әжем»

Жүргізуші:  Жарайсыңдар, қыздар, өркендерің өссін! Енді, кезекті ұлдарымыздың әзірлеген тақпақтарына берейік.

Жанболат:Қуанышы баланың,

                    Бізді өсіргем анашым.

                     Сенен өскен балалар,

                     Батырлар мен даналар.

                     Құттықтаймыз мейраммен,

                     Құрметті біздің балалар.

Нұрали:Аялаған, саялаған,

                 Бар бақытым берекем.

                  Апатайым құттықтаймын,

                   Бүгін сенің мерекең.

Нұрислам:Бізді өсірген апатай,

                     Еңбегінде зор екен.

                     Құтты болсын апатай,

                     Құтты болсың мерекең.

Бекарыс:Баланың да тірегі,

                  Дананың да тірегі,

                  Ауырмасын ешқашан,

                  Аналардың жүрегі.

Бейбарыс:Ақ анашым аппағым,

                    Өзің жайлы таппағым.

                     Өзің жайлы әнім де,

                     Арнадым саған бәрін де.

Алдияр:Аяулы да, алтын нұрлы анашым,

                 Жүрегіңмен мәңгі бірге боласың.

                 Сен арқарсың, сен аспансың, биіксің,

                  Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.

Би:«Қазақ биі»

Жүргізуші: Ендігі кезекті қыздарымыздың дайындаған тақпақтарына берейік.

Сезім:Өзің мені өсірген,

            Айналайын ақ әжем.

           Тентек болсам кешірген,

           Ауырмашы, ай әжем.

           Әже деген көп шығар,

           Әжемдей менің жоқ шығар.

           Мейірімді бұл кісі,

            Қандай ғажап күлкісі.

Әлия: Гүл – гүл жайнап бәріміз,

            Кіреді біздің сәніміз.

           Аналарды тойымен,

           Құттықтаймыз бәріміз.

Малика:Ана біздің күніміз,

                Ананың біз гүліміз.

                Бізді ана қуантып,

                 Ұзақ өмір сүрініз.

Айзере:   Мәпелейсің мені анам,

                 Қолыңдағы құсыңдай.

                  Құлпыра өсіп, демалам,

                  Құшағыңда қысылмай.

Сания:Аналарды сүйеміз,

                Сөзің ойға түйеміз.

                  Әжені де ардақтап,

                  Әдеппен бас иеміз.

Аяна:  Жанымызды жайнатқан,

             Сіздер ғой ол аналар.

             Зор денсаулық, мол бақыт,

             Тілейміз біз балалар.

             Аппақ мамам, ақ мамам,

             Ақ мамам деп мақтанам.

              Түн ұйқысын төрт бөліп,

             Бөпешім деп жатпаған.

Гүлайым: Менің анам ақылшым,

                    Күн секілді білгенге.

                    Шашырайды шуағы,

                    Үйімізге кіргенде.

Амира:Үн қатасың бал тілмен,

               Еркелеймін күнде мен.

               Құттықтаймын анашым,

               Сегізіңші наурызбен.

Ән:  «Менің анам алтын»   Жанболат пен Алдиярдың орындауында

Ойын:  «Кішкентай көмекші»

Ойын шарты: Әжесі немесе анасы жуған орамалдарды кішкентай көмекші    кір жайғышқа жайып тұру керек. Музыка қойылады, кім жылдам әрі көп орамал жайса, сол бала «Көмекші»атын иеленеді.

Би: «Шайхана»

Жүргізуші:  Бөбегіңнің сыйлығын,

                       Қабыл алшы анашым.

                       Ұзақ өмір жүз жасап,

                        Ауырмашы анашым-

  деп, балаларымыздың өздеріңізге арнаған сыйлығын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:  Аналар қалқып бақыт аралында,

                      Лайым мұң қонбасын жанарыға.

                       Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,

                         Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа!

Жүргізуші:  Аналар мерекесі құтты болсын! Дендеріңіз сау болсын,   бақытты болыңыздар! Осымен, біздің сіздерге деген шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

 

 

Қазақстандық арулар 8 наурызға қандай сыйлықтар алғанды қалайды – зерттеу

$
0
0

Deloitte аудиторлық компаниясының сарапшылары 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандық арулар қандай сыйлықтар алуды қалайтынын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, арулардың 59%-ы гүл сыйлағанын қалайды. Өз кезегінде ерлердің 90%-ы гүл сыйлауды жоспарлап отыр.

Зерттеуде әрбір 10 ер кісінің 9-ы жақын тусытарын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, оларға сыйлықтар беруді жоспарлап отыр. Соның ішінде 33%-ы мейрамханада мерекелік түскі ас немесе кешкі ас ішуді жоспарлауда. 

Ер кісілер сыйлауды жоспарлап отырған сыйлықтардың орташа бюджеті 33 мың теңгені құрайды. Бұл ретте ерлер әйелдерге қарағанда сыйлыққа 40%-ға артық қаржы жұмсауға әзір.

Ерлердің 50%-ы 8 наурызда 3 – 5 сыйлық жасауды жоспарлауда. 23%-ы 10 және одан артық сыйлық жасауды көздейде. Тек 6%-ы ғана сый тартуды жоспарламаған.

Сауалнама нәтижелері бойынша, әйелдердің 37%-ы 8 наурызда сыйлық ретінде туристік жолдама алғанды армандайды. Бұл топтың өкілдерін 36 және одан жоғары жастағы әйелдер құрайды.

26 – 35 жас аралығындағы қазақстандық арулардың әрбір үшінші бөлігі (31%) сыйлыққа зергерлік бұйым алғанды қалайды. 35 жастан асқан әйелдер (22%) сыйлыққа автомобиль алғысы келеді. Ал, бойжеткендер болса сыйлыққа косметика немесе парфюмерия күтеді.

Әйелдердің 10-нан 9-ы 8 наурызда басқа арулар мен қыз-келіншектерге сыйлық жасауды жоспарлап отыр. Бұл ретте сыйлықтардың орташа бағасының диапазонында қызықты үрдіс байқалып отыр: әйелдердің көбісі өздері сыйлыққа алғысы келген заттарды сыйға тартады.

Әйелдердің 56%-ы 8 наурызда өздері қалаған сыйлықты күтпейді. Зерттеуде әйелдер мерекесіне гүлдер, косметика, ақша алуды немесе мейрамханада мерекелік кешкі ас ішуді қалайтын әйелдердің арасында өздері қалайтын сыйлықты алу мүмкіндігі жоғары екендігі айтылады.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың 10-нан 5-і өздері қызмет ететін компаниялардың ұжымында 8 наурызға сыйлыққа кететін шығын өтелмейтіндігін атап көрсеткен.

 

8 наурыз мерекесін құрбыларымызбен қалай тойлаймыз?

$
0
0

8 наурыз мерекесін құрбыларымызбен қалай тойлаймыз?
8 наурыз мерекесін құрбыларымызбен қалай тойлаймыз?
Өмірдегі маңызды адамдардың бірі – жақын құрбыларымыз. Олар әрдайым мұңымызды тыңдап, қуанышымызға ортақтасады. Егер 8 наурыз мерекесін құрбыларыңызбен тойлаймын деп шешсеңіз, кешті көңілді өткізу үшін бірнеше идея ұсынамыз.

Қазақстандық арулар 8 наурызға қандай сыйлықтар алғанды қалайды – зерттеу

$
0
0

Deloitte аудиторлық компаниясының сарапшылары 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандық арулар қандай сыйлықтар алуды қалайтынын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, арулардың 59%-ы гүл сыйлағанын қалайды. Өз кезегінде ерлердің 90%-ы гүл сыйлауды жоспарлап отыр.

Зерттеуде әрбір 10 ер кісінің 9-ы жақын тусытарын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, оларға сыйлықтар беруді жоспарлап отыр. Соның ішінде 33%-ы мейрамханада мерекелік түскі ас немесе кешкі ас ішуді жоспарлауда. 

Ер кісілер сыйлауды жоспарлап отырған сыйлықтардың орташа бюджеті 33 мың теңгені құрайды. Бұл ретте ерлер әйелдерге қарағанда сыйлыққа 40%-ға артық қаржы жұмсауға әзір.

Ерлердің 50%-ы 8 наурызда 3 – 5 сыйлық жасауды жоспарлауда. 23%-ы 10 және одан артық сыйлық жасауды көздейде. Тек 6%-ы ғана сый тартуды жоспарламаған.

Сауалнама нәтижелері бойынша, әйелдердің 37%-ы 8 наурызда сыйлық ретінде туристік жолдама алғанды армандайды. Бұл топтың өкілдерін 36 және одан жоғары жастағы әйелдер құрайды.

26 – 35 жас аралығындағы қазақстандық арулардың әрбір үшінші бөлігі (31%) сыйлыққа зергерлік бұйым алғанды қалайды. 35 жастан асқан әйелдер (22%) сыйлыққа автомобиль алғысы келеді. Ал, бойжеткендер болса сыйлыққа косметика немесе парфюмерия күтеді.

Әйелдердің 10-нан 9-ы 8 наурызда басқа арулар мен қыз-келіншектерге сыйлық жасауды жоспарлап отыр. Бұл ретте сыйлықтардың орташа бағасының диапазонында қызықты үрдіс байқалып отыр: әйелдердің көбісі өздері сыйлыққа алғысы келген заттарды сыйға тартады.

Әйелдердің 56%-ы 8 наурызда өздері қалаған сыйлықты күтпейді. Зерттеуде әйелдер мерекесіне гүлдер, косметика, ақша алуды немесе мейрамханада мерекелік кешкі ас ішуді қалайтын әйелдердің арасында өздері қалайтын сыйлықты алу мүмкіндігі жоғары екендігі айтылады.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың 10-нан 5-і өздері қызмет ететін компаниялардың ұжымында 8 наурызға сыйлыққа кететін шығын өтелмейтіндігін атап көрсеткен.

 


8 наурыз мерекесі қалай пайда болды?

$
0
0

Алғашқы уақытта әйелдер күні ақпан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін. Ал 8 наурызға белгіленгенге дейін де бірталай рет ауыстырылды.

 

Бәйшешек бір жарғанда ...

$
0
0

Бәйшешек бір жарғанда ...

Мерекенің  мақсаты:1.Оқушылардың бойына 8 Наурыз мейрамын қастерлеу сезімін дамыту.                                                                                                                     2. Өздерінің сүйікті Аналарына деген балалық махаббатын,бірге оқитын қыздарға деген сыйластықты,ардақтап құрметтей білуге тәрбиелеу.                                             3. Оқушылардың бойындығы өнер мен дарындылығын дамыта түсу.

Көрнекілік:Аналарға байланысты нақыл сөздер.Әр түсті шарлар мен гүлдер . Бәйшешек бір жарғанда деп жазылған сөз.Бәйшешек гүлдерінің суреті.

Бастаушы: (үнтаспадан «Аяулы анашым»  әні баяу естіліп тұрады).

-Құрметті асыл Аналар,қыздар-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!

         Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып,Аналар мерекесі келеді.

         Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан,қалың қардың астынан бүршік жарады.Біздің асыл Аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан, барлық қиындықты атаулыға тәзімді.

         Аналар,көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған,гүл мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз,құтты болсын!

Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім алып келді.

Қуашнышты күнде енді,

Құттықтаймын АНАЛАРДЫ –дей отырып...

«Бәйшешек бүр жарғанда ...» атты мерекелік тәрбие сағатын бастайық.

1-оқушы:Сіздерден өскен балалар-                              Бәрі:Құрметті АНАЛАР!

                 Батырлармен даналар .                                 2-оқушы:Кім ойлап тапқан.

                 Құттықтаймыз мейраммен                                           Сөздерді ең аяулы?              

                 «Ана»деген сөзді де,                                               Жақсы көріп жаттадым,

                  «Аға»деген сөзді де,                                              Енді білдім

                 «Әке»деген сөзді де,                                               Оларды,

                  «Тәте» деген сөзді де,                                          кімнің ойлап тапқанын?

                  «Ата» деген сөзді де,

                 «Апа» деген сөзді де,

                 Ойлап тапқан балалар!

3-оқушы:Аналарды сүйеміз,

                Ақылын ойға түйеміз.

                Әжені де ардақтап,

                Әдеппен бас иеміз!

«Аппақ әжем,ақ әжем» әні орындалады.

Ұлдар  мен қыздар бірігіп «Қара жорға» биін билейді

4-оқушы:Халық әні «Қыздар-ай!» әуені орындалады,сыныбымыздағы он екі қызымызға арнап,ән жыр шашуын шашамыз.

(Ұлдар өлең шумақтарын оқи отырып, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қыздарға сыйлайды .)

5-оқушы:Үздік оқып сабағын,                            6-оқушы:Алар  деймін «бестігін»

                  Бәрімізге жағатын.                                                Аққұба қыз кескінің,

                 Нұргүл кейде қырсықса,                                       Бойшаң біздің Гүлнұр

                 Түйіп алар қабағын.                                              Ұяаңдау деп естідім.

7-оқушы:Сабағы ылғи үздік-ті,                        8-оқушы:Айтқанда әнді әуелі

                Шығарса есеп «ызғытты».                               Ерекше шығар әуені

                Арамызда Марал                                               Биязы қыз Мадина

                Өзі баяу қыз тіпті.                                            Өзі де ұяң әдемі.

9-оқушы:Үздік оқи бастады                             10-оқушы:Сабағынан қалмайды,

               «Әліппені»ашқалы.                                       Жалқаулыққа бармайды,

                Гүл аттасы қыз-Гүлсім                                Мерекеде Әйгерім

              Ұп -ұзын шаштары.                                      Ұлдар әнін арнайды.

11-оқушы:Билейді кейде айнала                       12-оқушы:Сабағын жақсы оқиды,

                   Көркіне ақылы сай ғана.                                    Көңілге бәрін тоқиды,

                   Нұргүл біздің әдемі                                       Үндемей жүрген Динара      Сөйлейді бірақ жай ғана.                                                   Нені ойлап толқиды?

Ұлдар әжелеріне,аналарына,қыздарға арнап би билейді «Жігіттер» әніне.

Ұлдар мен қыздар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына,әжелеріне тарту етеді.

Қыздар мен ұлдар бірігіп «Қара жорға» биін билейді.

Бәрі: Ана-біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз!

 

 

 

8 наурыз мерекесі қалай пайда болды?

$
0
0

Алғашқы уақытта әйелдер күні ақпан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін. Ал 8 наурызға белгіленгенге дейін де бірталай рет ауыстырылды.

 

Қазақстандық арулар 8 наурызға қандай сыйлықтар алғанды қалайды – зерттеу

$
0
0

Deloitte аудиторлық компаниясының сарапшылары 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандық арулар қандай сыйлықтар алуды қалайтынын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, арулардың 59%-ы гүл сыйлағанын қалайды. Өз кезегінде ерлердің 90%-ы гүл сыйлауды жоспарлап отыр.

Зерттеуде әрбір 10 ер кісінің 9-ы жақын тусытарын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, оларға сыйлықтар беруді жоспарлап отыр. Соның ішінде 33%-ы мейрамханада мерекелік түскі ас немесе кешкі ас ішуді жоспарлауда. 

Ер кісілер сыйлауды жоспарлап отырған сыйлықтардың орташа бюджеті 33 мың теңгені құрайды. Бұл ретте ерлер әйелдерге қарағанда сыйлыққа 40%-ға артық қаржы жұмсауға әзір.

Ерлердің 50%-ы 8 наурызда 3 – 5 сыйлық жасауды жоспарлауда. 23%-ы 10 және одан артық сыйлық жасауды көздейде. Тек 6%-ы ғана сый тартуды жоспарламаған.

Сауалнама нәтижелері бойынша, әйелдердің 37%-ы 8 наурызда сыйлық ретінде туристік жолдама алғанды армандайды. Бұл топтың өкілдерін 36 және одан жоғары жастағы әйелдер құрайды.

26 – 35 жас аралығындағы қазақстандық арулардың әрбір үшінші бөлігі (31%) сыйлыққа зергерлік бұйым алғанды қалайды. 35 жастан асқан әйелдер (22%) сыйлыққа автомобиль алғысы келеді. Ал, бойжеткендер болса сыйлыққа косметика немесе парфюмерия күтеді.

Әйелдердің 10-нан 9-ы 8 наурызда басқа арулар мен қыз-келіншектерге сыйлық жасауды жоспарлап отыр. Бұл ретте сыйлықтардың орташа бағасының диапазонында қызықты үрдіс байқалып отыр: әйелдердің көбісі өздері сыйлыққа алғысы келген заттарды сыйға тартады.

Әйелдердің 56%-ы 8 наурызда өздері қалаған сыйлықты күтпейді. Зерттеуде әйелдер мерекесіне гүлдер, косметика, ақша алуды немесе мейрамханада мерекелік кешкі ас ішуді қалайтын әйелдердің арасында өздері қалайтын сыйлықты алу мүмкіндігі жоғары екендігі айтылады.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың 10-нан 5-і өздері қызмет ететін компаниялардың ұжымында 8 наурызға сыйлыққа кететін шығын өтелмейтіндігін атап көрсеткен.

 

Viewing all 79 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>