Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Асыл анам.
Мақсаты: Ана жайлы өлеңдер, әндер арқылы аналарды , ұстаздарды құттықтау.
Оқушыларды білімге ,адамгершілікке , ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға , ұстазға деген сыйын арттыру.
1. Ұйымдастыру кезең.
Асыл анам
8 – наурыз. Көктем аруы
Ақтөбе, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
Ембі қалалық №3 орта мектеп
Тәрбиеші
Урынбаева Жанар Куандыковна
Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар!
8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақша сценарий: Балабақша | 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні
Қазақша сценарий: Балабақша | 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні
Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі)
Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі)
Махаббат туралы үздік өлеңдер
Ақынның Музасы болған сұлулық иелері күллі әлемнің әсемдігіндей. 8 наурыз қарсаңында қазақ әдебиетіндегі үздік ақындардың махаббат туралы, әйелдер жайлы өлеңдерін топтастырып отырмыз.
Білектей арқасына өрген бұрым...
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей-ақ.
Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе.
Абай Құнанбайұлы
Махаббат па?..
Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да,түсірді ғой торға мені.
Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге,
Ал қазір тоңған жүрек,солған кеуде.
Ғашықтық па? Ғашық та бола білгем.
Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен,
Жанымменен сүйемін,жанарыммен.
Сағыныш па? Қалай оны тауыса аламын.
Сағынғанмын,шөлдегем,
Ақыры шаршағаным,шаршағаным.
Сүйгенім бе? Сүйгенім өмірде емес.
Ұйықтасам, түнде түсім, көңілде елес,
Өлгенше кетер емес көңілден еш...
Мұқағали Мақатаев
О, махаббат!
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің!
Гүлім едің,
Елтіген түнім едің.
О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!
Мен сені ұмытқанмын
Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,
Суып қаным, Жинағам құрып хәлім.
Құлаған отауымның уықтарын,
Содан бері мен сені ұмытқанмын.
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Тірі болсаң, мен де енді тірілемін
Ақ періште алдына жүгінемін,
Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!
Мұқағали Мақатаев
Мың жұлдызы бар болса да...
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,
Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес, жүректе - Ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!
Қадыр Мырза Әлі 8 март Әйелдердің күні дейді бұл күнді,
Бақтар жайнап, сайратады бұлбұлды.
Еркек түгел еркелерге берем деп,
Қолдарына ұстап апты бір гүлді.
Осынау күн - беделі бір өскен күн,
Жұрттың бәрін мен өзіме дос көрдім.
Қай қияға жұмсаса да баратын,
Әйелдерге антын бұзбас әскермін.
Ұмытылмай сонау жастық кездегі
Айтылады махаббаттың сөздері.
Гүлді ерекше ұнатады әйелдер,
Гүлдерге ұқсап тұрғаннан соң өздері.
Көктем алды Алатаудың өңірін,
Таңмен бірге әнге басты Бек інім.
Бір шоқ гүлді менде келем көтеріп,
Күлтайымның алайын деп көңілін.
Тұманбай Молдағалиев
Аяймын махаббатты жетім қалған
Өкінбеймін біреуді өпсең де өліп,
Өкінбеймін біреуге кетсең де еріп.
Жазмыштың маған жазған пендесіне
Мен-дағы кезігермін көп сенделіп.
Мұң ба екен, Мұның бәрі уайым ба екен?!
Бүгінде ойым бөтен, жайым бөтен.
Қойнына қона алмаған қос аққуға
Қол бұлғап қала берер – қайың мекен…
Жабықпа, жарылқасын бетіңді алдан.
Өткен күн өшкен, көшкен секілді арман…
Болар-ау бәрі де ұмыт, Амалым не,
Аяймын махаббатты жетім қалған.
Исраил Сапарбай
Кешкі ода Сенің ернің – пейіштегі гүл сынды,
Демің сенің – сездіреді тылсымды…
Көзің сенің – Ай жұтылған түн сынды,
Сезім неге мөлдіреген мұң сынды?..
Қара шашың – Қара теңіз толқыны,
Қарашығың – мен адасар жол түбі…
Жүрегіңе сезіле ме, тыңдашы,
Сені аңсаған жүрегімнің солқылы?!
Саусақтарың – жапырағы қайыңның,
Қауырсынның сәулелермен ойыны…
Жанарыңда жасырулы мың жұмбақ,
Көзқараста періштенің пайымы…
Қасың сенің – иілген адырнадай,
Сабырың ше? Құламас қабырғадай!
Кірпіктерің өрнек салар құбылған,
Әр өрнекте тығылған Тәңір бардай!
Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,
Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.
Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,
Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!
Бар өмірің мен үшін – жарық шашқан,
Төбемдегі жайқалған алып Аспан!
Бітсе менің өмірім жер бетінде,
Құстай болып көрінер жаным ұшқан.
Ұшса егер құс-жаным сағым құшқан,
Ұшса ұшар, бесауат сабылыстан.
Кетсем егер, кетермін бұл жалғаннан,
Саған деген өртенген сағыныштан!
Ақберен Елгезек
8 наурыз мерекесі көтерілістен соң пайда болған ба?
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен тығыз байланысты.
Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан. Олар 10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу талаптарын қойды. Ол кезде әйелдер тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған.
Копенгаген қаласында өткен 1910 жылғы Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында Клара Цеткин 8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды, және де өз құқықтарымен теңдіктері үшін күресуге шақыратын үндеуін оқыды. Бұл үндеу дүнижүзінің көптеген елінің әйелдерінен қолдау тапты олар тек ғана өз құқықтар үшін күресуді ғана емес кедейшілікке, еңбек ету құқығымен ар-намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күресетіндерін білдірді.
Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылдың 19-наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті. Дауыс беру құқығымен үлкен лауазымды орындарды иеленумен қатар әйелдер өндірісте ерлермен бірдей құқықтарға қол жеткізді. 1912 жылы бұл мереке 12-мамырда тойланды.
Ал Кеңес Одағы келісімен 8 Наурыз 1965 жылдан бастап күнтізбеде қызылмен белгіленді
8 наурыз мерекесіне не сыйлауға болады?
8 наурыз мерекесіне екі күн ғана қалды. Жақындарыңызға сыйлық алып үлгерді
1. Ыдыс-аяқ жинағы

Әрине, бұл сыйлықты сүйген қызыңызға беру ыңғайсыздау болар, алайда анаңыз бен жарыңыз үшін өте пайдалы болмақ. Ыдыс-аяқ таңдау кезінде оның назар аударарлық дизайнда болуын ескеріңіз. Ол ерекше таңданыс тудырады. Нәзік жандылар бір-бірінен бұл затты қайдан алғанын міндетті түрде сұрайды. Сол кезде сіздің сыйлық таңдаудағы тапқырлығыңыз таңданыс тудыратыны сөзсіз.
2. Орамал

“Орамал тон болмайды, жол болады” дейміз. Ендеше нәзік жандылардың қай-қайсысына болмасын орамал сыйлауға болады. Оны таңдау кезінде сыйлайтын адамыңыздың жас мөлшерін есіңізден шығармаңыз. Сондай-ақ, биылғы жылы сәнде болатын түстерден таңдаңыз. Бұл сіздің бірталай ізденгеніңізді, мерекеге салғырттық танытпағаныңызды айғақтай түспек.
3. Ұлттық нақыштағы киім

Қазіргі кезде ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлер сәнге айналып жатыр. Сол себепті анаңызға оюлы камзол, жарыңыз бен әпке-сіңілдеріңізге, қыздарыңызға да қазақы стильдегі көйлек, болмаса жилет алып беруге болады. Бұл сыйлық алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз мерекесінде де өз маңызын жоғалтпайды.
4. Фотомозайка

Қазіргі уақытта сәнге айналып жатқан сыйлықтың бірі – фотомозайка. Танымал сыйды алса, таңдаулыңыз таңданып әрі қуанып қалары сөзсіз. Олардың әртүрлі өлшемдері бар. Әлеуметік желілерден іздесеңіз, мозайка жасаушылардың бірнешеуін оңай тауып, тапсырыс беруге болады.
5. Қолдан жасалған сыйлық
Әрбір нәзік жанды өзіне арнайы жасалған сыйлықты ұнататынын айтқан болатынбыз. Егер сіз дайын затты сатып алмай, уақытыңызды бөліп, өз қолыңыздан сыйлық жасасаңыз, сүйіктіңізді қуанта аласыз. Мәселен, өз қолыңыздан фотокубик жасаңыз.
8 наурыз мерекесі қалай пайда болды?
Алғашқы уақытта әйелдер күні ақпан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін. Ал 8 наурызға белгіленгенге дейін де бірталай рет ауыстырылды.
Арулар-асыл жандар
«Арулар-асыл жандар!»
(Ортаңғы топ)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Құрметті асыл аналар, ақ жаулықты әжелер, біздің кішкентай бүлдіршіндер сіздерді 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып өздерінің тақпақтарын, әндерін, билерін сыйға тартады. Біздің балалардың тілектерін қабыл алыңыздар.
Ведущий.
Кто вас, дети, крепко любит?
Кто вас нежно так голубит.
Книжки вам читает,
Песни распевает?
Кто вас обнимает,
Хвалит и ласкает?
Скажем громко, скажем прямо.
Всем известно, это...
Дети. Мама!
Ән: «Мы сложили песенку»
Тақпақтар:
1-бала:
Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
2-бала:
Қандай бала болмайық,
Анамызға дәріміз.
Көтерсінші көңілін,
Ән салайық бәріміз.
3-бала:
Правда, мама, я большой,
Сам ботинки одеваю.
И холодною водой
Сам ладошки отмываю.
И не плакал я с утра
Может в школу мне пора?
4-бала:
Пусть услышат наши мамы,
Как мы песенку поем.
Дорогие наши мамы,
Поздравляем с женским днем!
5-бала:
Сеніміңді ақтайды,
Еркелеткен балашың.
Аман жүріп әрқашан,
Мұңаймашы анашым!
6-бала:
Жүре берші қасымда,
Әйбат мамам, ақ мамам.
Ботам деген даусыңнан,
Мен мәз болып оянам.
7-бала:
Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам.
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам.
8-бала:
Я маму крепко поцелую,
Обниму ее родную.
Очень я люблю ее,
Мама солнышко мое!
Балалар аналарына арнап жасаған сыйлығын аналарына сыйлайды.
Ән: «Анашым!»
Жүргізуші: -Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады,
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктемде!
Тәрбиеші: Иә, көптен күткен көктемде келіп жетті.
(Залға вальс әуенімен көктем кіреді).
Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар, аналар!
Сағынышпен жеткен,
Келді міне көктем,
Жайнап нұрлы гүлі,
Мерекеңіз бүгін,
Құтты болсын аналар!
Тәрбиеші: Көктем, біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын, бұлақтың сылдырын сағынды.Олар саған ән салып береді.
Ән: «Көктем»
Әлішер:
Девочки сегодня
Мы вас поздравляем.
На веселый танец
Мы вас приглашаем!
Би: «Хафанна»
Ән: «Мамочка моя»
Би: «Джентельмен» ( қыздар анасымен көйлек дайындап жатқанда, ұл балалар билейді.)
Сән көрсетілімі (Мода): «Сюрприз для мамы»
Ойын: «Анаңды тамақтандыр»
Ер балалар аналарына қасықпен йогурт жегізіп жарысады. Йогуртты бірінші тауысқан бала анасымен жеңімпаз болады.
Ойын: «Фруктовая нарезка»
Бұл ойынға 3 қыз анасымен қатысады. Оларға жемістер мен йогкрт, тақтай, пышақ, қасық, салфетка, тарелка беріледі. Сол кезде басқа қыздар билейді. Би аяқтарғанға дейін жемістерді кесіп, безендіріп үлгері қажет. Қыздар анасына көмектеседі. Ойынға қатысатындар: Айна, Аяулым, Альмина ,Әдемай аналарымен.
Әлихан: Ооойй, балалар, бүгін біздің әжелеріміздің де мерекесі ғой. Ал біздер әлі әжелерімізді құттықтауға ұмытып кетіппіз ғой.. Қане, мен өз әжемді телефонмен құттықтап жіберейінші.
-Алло, Әже! Сізді бүгінгі мерекеңізбен құттықтаймын. Ауырмаңыз. Мен сізді жақсы көремін!
1-бала:
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.
2-бала:
С праздником веселым!
С праздником весны!
Всех на свете бабушек,
Поздраляем мы!
Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән: «Әжетайым»
Тақпақтар:
Алишер: My dear, dear mammy,
I love you so much!
I wont you to be happy
On the 8th of March!
Сабина: I like the way you look
I like the way you cook.
Now I wont to say
“Happy mother’s day”
Аяулым: Mom is such a special word
The loveliest I’ve ever heart
These words to you, above all the rest
Mom,you are so special
You are simply the best.
Ән: «My dear mammy»
Ойын: «Ерке қыздар» немесе «Назови лаково»
Бұл ойынға аналары қызарына әр қадам аттаған сайын еркелететін сөздер айтып, бетінен сүйеді. Мысалы: айым, күнім, құлыншағым...Ойынға қатысатындар:
Ибраһим:
Аялаған, баптаған,
Асыраған, сақтаған.
Адал бол деп балдырған-
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде-махаббат,
Тілегінде махаббат.
Еркелеткен біздерді
Анамызға мың алғыс!
Барлығы: «Флешмоб» билейді.
Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақыттыда ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Біздің топтағы әсем, ару қыздарымыздың мерекесі болғандықтан, біз оларды әртүрлі номинациялармен құттықтағымыз келеді.
Қылықты ару-
Өнерлі ару-
Кербез ару-
Көрікті ару-
Әдепті ару-
Инабатты ару-
Сүйкімді ару-
Бұрымды ару-
Білімпаз ару-
Ерке ару-
Мейірімді ару-
Құрметті аналар, осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер.
Ал енді барлық бала аналарын вальске шақырып, барлығы вальс билеуге ортаға шықсын.
Сүйкімді қыз
Сүйкімді қыз
Көктем келіп барлық жер беті гүлденіп оянады емеспе? Осы көктемнің кереметіне орай, біздің мектептеде көктем-аруы болып өтті. 5 «Б» сыныбынан Абдрей Мадина атты аруымыз шығып, өз өнерін көрсетті. Қорытындылай келе, аруымыз сүйкімді қыз номинациясымен марапатталды.
Тараз қ, №32 орта мектеп
Сынып жетекші: Жунисова Э.Ф.
8 НАУРЫЗ- АНАЛАР МЕРЕКЕСІ
Атырау облысы
Жылыой ауданы
Құлсары қаласы
КМҚК "Гүлдәурен" ясли бақшасының тәрбиешісі
Жумабаева Бактикул Амандыковна
Зал іші безендірілген.Балалар орындарына келіп отырады.
Апай:-Сәлеметсіздер ме ата-аналар ,сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
-Зал іші безендірілген.Балалар орындарына келіп отырады.
Апай:-Сәлеметсіздер ме ата-аналар ,сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Мәди:-Сәламатсыз ба,сіздерде алматы-атырау ұшағына билет барма екен?
Кассир:-Сәламатсыз,билет бар бірақ сәл кешігіп жатыр.
Бастары салбырап орындарына отырады.
-Мен:-Эйр астана компаниясы ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақтарымыз кешігуде,компания атынан сіздерден кішірім сұраймыз.
Келе жатқан әйелдер ,аналар мерекесі құтты болсын дей отырып ,эйр астана әуежайы өздеріңіздің отбасыларыңа жолдауларыңызға болады.
Мәди:-Онда достарымыз не тұрыс кеттік билейік.
Би:Жаяу
Айназ:олай болса біз тілектерімізді тақпақпен жеткізейік.
Диана:-хериз э флауе,фо э вери спешл дэй,джаст фо ю,он мазес дэй.
Дильназ:-Көңілің Алатаудың бөктеріндей.
Каусар:-Много мам на белом свете,всей душой их любет дети,только мама есть одна,всех дроже мне она ,кто она отвечу я, это мамочка моя.
Айназ:-Джаст уан литтл фо ю,бат итс лавин энд хэппи энд тру.
Мадина:-весенний праздник на дворе,веселый теплый самый.
Ән:Мама-хор.
Тақпақ:
Алмаз:бабашка любимая ,самая красивая,руки золотые,глазки молодые.
Бексұлтан:Шуақты көктем келді гүлін алып.
Арсен:-оф ол з спешл ин лайф,з биг оунес эн з смэл,э мазес лав энд тендинес,из з гритест оф зем ол.
Қыдыр:
-Сенен өскен балалар.
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Кәусар:сегодня во всем мире праздник,меж.жен.день,на улице уже весной запохло,и распустилься уже сирень.
Ән:Анашым-орындайтын Ақерке.О
Мен:-Біздің әуежайға келген жолаушыларымыз. Сондай шетінен өнерлі екен,әуежай компаниясында сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып,біздің стюардесса қыздарымыздың бейін тамашалаңыздар.
Би:Стюардесса
Тақпақ:Рамазан.Н-не тұрыс кеттік бізде тақпақтарымызды айтайық.
Рамазан:Н-біз ғана емес қадір тұтқан балалар,аналардан туған кейбір аналар.
Рам.А-обойди вес мир вокруг,только знайзаранее,не найдеш теплее рук,и нежнее маминых.
Ақе.Ғ-sending this mam especially to say6wishing you a happy and wonderful day.
Бекарыс:-зерин ноу блессин.
Ахмад:ақ анашым аппағым,өзің жайлы таппағым,өзің жайлы әнімде ,арнадым саған бәрін де.
Нұржігіт:Күй
Стюар:-скайф желісіне жазылу аяқталуына байланысты өнерлерің болса тездетіп көрсетейік.
Би:Мама
Ән:Ана
Би:Африканцы.Апай:Ұшаққа отырғызу басталды,ұшып кету.
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз.
Зал іші наурыз мерекесіне сай безендірілген.
-Балалар екі ағаш үйге орналасады.апа мен әже шығады.
Кемпір:-шал ау,наурыз болса келді,қазан көтеріп,ет салайық,дайындық жасайық.ауылдың үлкендеріне көрісіп қайтайық.
Шал:-е,кемпір дұрыс айтасың әрі көрісіп,әрі наурыздыққа шақырып қайтайық.Сол мезгілде кемпір ойланып тұрып қалады.
Шал:-әй кемпір неғып тұрсың,жүр енді.
Кемпір:-Е,неғып тұрайын Ертөстігім қайда жүр соны ойлап тұрмын.
Шал:-ертөстігіміз ағаларын іздеп кетті , аман жүрсе тауып келер ,кемпір уайымдама ,жүр енді.
Көрініс:жолда перінің сұлу қызы Бекторы отырады.
Бекторы:Ерназардың Ертөстігі жолға шыққан екен ,мен оны тосып алайын ,жолын байлайын.
Шауып атпен Ертөстік келеді.
Ертөстік :О,Бекторы сұлу жолда неғып отырсың?
Бекторы:Сені тосып,күтіп отырмын,төрге шық,қонағым бол.
Ертөстік:Жо-жоқ мен асығыспын ,сегіз ағамды іздеп жол жүріп барамын.
Бекторы:Ендеше,биші қыздардың биін тамашала.
Би:қамажай.
Ертөстік:Бкеторы рахмет сыйыңа мен жүрейін жол ақысы жүру деген.
Бекторы:Жоқ-жоқ қалайша,біздің жігіттер сенімен білек күшін сынамақ қәне жігіттер.
Күш сынау.
Ертөстік:-Енді жүрейін деп шауып кетеді.
Ертөстік:-Мына ауылда той болып жатырған сияқты.
Ертөстік:-атынан түсіп Ассалаумағалейкум ,наурыз құтты болсын деп көріседіде отыра қалады.
1-жүргізуші:Сәлеметсіздерме наурыз тойына жиналған қонақтар.
Ұлыстың ұлы күні баршамызға құтты болсын.Наурыз елімізге құт,береке,бірлік пен ізгілік татулық пен бақыт әкелсін.
Тақпақтар.
2-жүргізуші:-Әу демейтін қазақ жоқ,наурыз тойын әнмен қыздырайық.
Ән:Наурыз-жыл басы.
2-жүргізуші:біздің ауылда ән де,күй де, мың бұралған биде бар.
Ұлыс күні халайық,
Қалай қарап қалайық.
Сәйгүліктей ағайық,
Жасын болып жанайық.Ауылымызға Ертөстіктей батыр келіп қалыпты,қәне кім Ертөстікпен белісіп күш сынайды.Нарынбай,Әжігерей ауылының палуандары қайда.
Күрес қазақша.
1-жүргізуші:Наурыз тойында қалыс адам қалмасын,ортаға өнерлеріңді салып ,наурыз тойын қыздырайық.
Дильназ,Кәусар,Бексұлтан.
1-жүргізуші.
-Ұлыстың ұлы күні жарқын,
Елдіктің қасиеті дәстүрмен алтын
Тілеген елдің амандығын.
Сақтаған наурызды айналдым халқым.
2-жүргізуші:Наурыз мерекесіне шашу.
Би:Жұмыр қылыш биімен.
1-жүргізуші.
Уа,жараңдар,жараңдар
Қәне бермен қараңдар
Мешін жылы баршаңды
Кенелсін зор бақытқа
Бөленіңдер шаттыққа
Биіктерде төрлерде
Шалқи берсін туымыз
Арналады сіздерге
Ән менен жырымыз.
Ән:Наурыз.
1-жүргізуші. Ән салып би биледік,наурыз тойына жиналған балалар асық ойнамай қалай шыдар.Асық ойнайтын балалар болса ортаға жинал.
Асық ойнау.
1-жүргізуші.
Уа,аталар-аналар,
Айналайын балалар
Жеп өссін деп тамсанып
Жеті түрлі дәм салып
Наурыз көже пісірдім
Құйдым алтын табаққа
Көжеге жас-кәріңді
Шақырамыз бәріңді
Табақ тарту.
1-жүргізуші.
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыс береке берсін
Бәле жәле жерге енсін,Әумин.
2-жүргізуші:Бата берілді енді наурыз тойын бимен жалғайық.
Би:/ Қаражорға/.
Алтынымсың , ақ анам!
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қосалқы мектеп – интернатының
бастауыш сынып мұғалімі Қулмрадова Санегуль
Тақырыбы: Алтынымсың , ақ анам!
Мақсаты:
1.Нәзік жанды аруларымызға қуаныш сыйлау, мерекемен құттықтау.
2.Ұстазға, ата-анаға деген ізгі ниеттерін көрсету.
3.Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
( А.Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады)
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой.
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді...
1 Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, асыға
күткен 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні де келді.
Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай
болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет
ешқашан сөнбек емес.
2 Жүргізуші: Аналар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Алтынымсың , ақ анам!» атты мерекелік бағдарламамыз өздеріңізге арналады!
1 Жүргізуші: 8 НАУРЫЗ – халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты
болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің
шапағатын тілейміз!
Әрдәйым мейрім шуағын шашып жүре беріңіздер!
1 Жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөзі мектеп директоры –
Сайлаукүл Секерқызына беріледі.
(Ән «Алтын анам» Тауасаров Айдын)
2 Жүргізуші: Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
(ән «Мама» Құланшиев Нұрсұлтан)
1 Жүргізуші: Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапағаттарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!
(Ән «Сұлу қыз» Тауасаров Айдын мен Туребаева Рахима)
2 Жүргізуші: Ана десем, шешек ашып жанары
Өмірімнің бастау алар ажары
Шәкірттері шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін аналарға арнайды!
(Оқушылардың тақпақтары)
ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады
Алматы қаласы Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектеп
9 «Б» сынып, сынып жетекшісі: Журынова Фарида Темирхановна.
Сыныбы: 9 «Б»
Тақырыбы: «Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады»
Мақсаты:
Мақсаты:
- Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамымен құттықтап, аналарды құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту.
- Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Аналарды құрметтеу, қастерлеу, еңбегін бағалау.
Көрнекілігі: Мереке өтетін орын балалардың өз қолдарымен жасаған жалаушалармен түрлі-түсті гүлдер, шарлармен безендіріледі.
Қабырғаларда ана туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар:
(«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың!», «Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды», «Ана - өмірдің тірегі», «Ана - өмір бастауы»)
Слайд: Сынып оқушыларының аналарымен бірге түскен сәттерінен
Барысы:
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптеу құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз,
Аналар мерекесінің шығу тарихы туралы мәлімет: Жанеля. Индира; Елжас
(түрлі дерек көздерінен, презентация-слайдпен)
Жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
ендігі кезекті «Гүл теру» ойыны.
Ойынның шарты: 2 – ана, 1 ұл, 1қыз қатысады. 1ұл бала жердегі гүлдерді жинап жүріп анаға деген жылы лебіз сөздерін айтып, гүлдер теріп береді. (белгілі уақыт бойынша) 1қыз баланың анасы қызына еркелетіп жылы сөздерін айтып, жерлегі гүлдерді жинайды.
Жүргізуші-Айгерім: ендігі кезекте бейнетаспаны тамашалайық.
Оқушылардың аналарына деген ыстық лебізін, тілегін, фото суреттерімен /звукозапись программасы / дыбыс жазу бағдарламасы арқылы жазылған бейнені фильмді интерактивті тақтадан тамашалайды.
Дыбыс жазу құралы арқылы оқушылар, аналарына жүрекжарды жылы лебіздерін, өлеңдерін, ақ тілектерін интерактивті тақтадан тамашалау.
Жүргізуші: «Анаға арнау» Мадина, Жанеля, Айгерім, Анеля; Лаура /Ана туралы шығармалардан үзінді оқу/
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын
Анаға туралы мақал-мәтелдерді толықтыру:
«Қуанышыңмен, АНА!» әнін сыныппен орындау
Қорытындылау.
РЕФЛЕКСИЯ: Ана- өмірдің қуанышы, тірегі
Бала – оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тіледі.
Шуағын шашқан аялы алақан 8 наурыз
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!. Ана - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі дей отыра бүгінгі
«Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
- деп абзал аналарымызға арналған оқушылардың орындауында ән : Ана
Ойын
Тосын сый ата - аналарға арналған. (ойын)
2 шарт орындалады.
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.
2. 5 ата - ананы шығарып 5 шарды жарып ішіндегі сұраққа жауап береді.
Оқушылардың тақпақтары
Біз доспыз гүлдермен, Нарым
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Сенен өскен балалар, Асылай
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Әр сөзімді жаттаған, Бауыржан
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!
Айналайын анашым, Елнар
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.
Шалқып, тасып әніміз Төлеген
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Аппақ мамам, ақ мама Мерхат
«Ақ мамам!» - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім!»- деп жатпаған.
Сегізінші наурыз келді, Арнагүл
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
Сенен өскен балалар, Олжас
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
Жанымызды жайнатқан, Нұрсая
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар.
Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған Замзагүл
Сақтандырып күнде еккен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс
Ақ анашым, аппағым, Рахман
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Шашымды өріп тараған, Гүлім
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Ойын: Сегіз қадам
Ән: қошақаным оқушылардың орындауында
Оқушылардың аналарын құттықтап ашық хат таратуы
Тәрбиеші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен тәрбие сағатын аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Шуағын шашқан - аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ
«Аналар – асыл жандар»
«Сымбат» жеке мектебі
«Аналар – асыл жандар» |
Мектепалды даярлық класының жетекшісі: Н.Ж.Оңайбаева
Ақтөбе қаласы, 2017 жыл
«Аналар – асыл жандар»
жүргізуші: Қымбатты әжелер, аналар, құрметті қонақтар!
8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең шуағың аясындай гүл бақтың
Ғұмар: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды қуантып,
Ән маржанын шашайық
Мұхаммед: Бүгін наурыздың сегізі,
Әдемі сөз адамның,
Сұлулықтың негізі.
Анаға айтар лебізі.
Алан: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Жәңгір: Ана деген асқақ ән
Орындайтын әрқашан
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың әрқашан.
Топтық би: «Миллион қыздар»
Дания: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсындай.
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Ару: Айналайын анашым
Көкте күн боп жанасың
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың
Тамина: Менің әжем, ақ әжем
Ұлмен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем
Ән: «Анашым, қартамайшы жалынамын»
Ақбота: Сен жалықпай жетектеп
Мен жаттыға жетермін
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді өтермін
Әмина: Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.
Жания: Ана деген – мейірім,
Ана деген – шапағат.
Ана деген – құдірет,
Ана деген – махаббат.
Жүргізуші: Құрметті аналар! Бізде мына бүлдіршіндерге анамыз, бізді де дүниеге алып келіп осындай бақытқа жеткізіп отырған аналарымыз бар. Сол аналарымыздың құрметіне бәріміз бірдей рахмет айта отыра, басымызды иіп бірге «Ана туралы жыр» әнін хормен орындап өтейік.
Ата-аналармен караоке: «Ана туралы жыр»
Би: «Қуыршақ Барби»
Майра: Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі,
Күн шуақты саялы.
Әсем: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым!
Ән: «Аяулы анашым»
Салика: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Жұлдыз: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Мұғалім: Мерекені қарсы алып,
Мәз болады барша жұрт,
Гүл ұсынып анаға,
Бердім өзім ән салып.
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де!,- дей отырып, балаларымыздың аналарымызға арнаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
- Ендігі кезекті аналарымызға береміз. (аналардың балаларға дайындаған сыйлықтарын табыстау)
Би: «Анаға алғыс биі»
Мұғалім: Наурыз күні ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірентер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.
Слайд – шоу көрсету. Ән: «Сенің анаң алтын, менің анам алтын».
Мұғалім: Арулар – әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атты-дағы,
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,
Саясына келеді-ау шуаңтағың.
Жамандыққа қиярсың қалай ғана,
Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.
Аналар – аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Аналар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
Аналар – асыл жандар,
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасығандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Аналар – асыл жандар!, - дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі жүздескенше аман болыңыздар. Мереке құтты болсын.
Тәрбие сағаты: "Ана өмірдің гүлі"
Тақырыбы:Ана өмірдің гүлі
Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
1-жүргізуші: (Айару)
Армысыздар ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Халықаралық әйелдер күніменен,
Құттықтаймыз аналарды осындағы.
2-жүргізуші: (Айша)
Құрметті: Ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және ару қыздар! Біз жыл мезгіліндегі ең тамаша шуақты мейрамдардың бірі 8- наурыз «Халықаралық әйелдер» күнімен құттықтай отырып,
«Ана өмірдің шуағы» атты сазды бағдарламамызды бастаймыз.
1-жүргізуші: (Айару)
Ер жеткізіп, елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым! әсем ән ортада Алмасқызы Жанельді «Мама» әнімен шақырамыз.
2-жүргізуші: (Айша)
Бойына бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдына,
Биші қыз ғажап еді биің қандай? –дей келе ортамызға мың бұралған биші қыздарымызды «Өзбек» биімен шақырамыз.
1-жүргізуші: (Айару)
Айша қарашы маған ұлдар сыйлық сыйлады.
2-жүргізуші: (Айша)
Қойшы Айару сыйлық сыйлағанша одан да неге әзіл сыйламайды.
1-жүргізуші: (Айару)
Әрине олардың әзілі де дайын
Екеуі бірге: Ендеше ортаға «Қожаның достарын» шақырамыз.
2-жүргізуші: (Айша)
Сенен өскен балалар.
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті жан аналар
1-жүргізуші: (Айару)
Ортаға ата-аналармен ойын ойнатуға Садықов Бейбарыс пен Мырзакелен Әлияны шақырамыз.
2-жүргізуші: (Айша)
Әнші әнмен таңырқатар,
Күйші күймен таңырқатар.
Ал биші ше, бишілер де,
Мың бұралған билерімен
Барлық жұртты таң қалдырар- ортаға сыныбымыздың биші қыздарын «Қазақ» биіменен шақырамыз.
1-жүргізуші: (Айару)
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейік әр қадамды деп ортаға Аманжол Аяулымды «Ана» әнімен шақырамыз.
2-жүргізуші:(Айша)
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғынам- дей келе ортада Марат Аружан фортопианомен, аналарға арналған шығармасын орындайды.
1-жүргізуші:(Айару)
Мейірімің балқытып жүрегімді,
Құлпыртады қуаныш нұр өңімді.
Асыл анам! Айтқым кеп тұрады ылғи,
Мен өзіңе ең ізгі тілегімді- дей отырып ортаға Руслан Перизатты «Ана жаным» әніменен шақырамыз.
2-жүргізуші:(Айша)
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда «Вальс» биі.
2-жүргізуші:(Айша)
Қуаныштан нұр шашады жанарың
Мәз боласың мерекелік сөзіммен.
Шаттығыңды шаттығыма баладым,
Бақыт мәңгі бірге болсын өзіңмен!
1-жүргізуші: (Айару)
Хор: «Сенің анаң алтын» 3 «А» сынып оқушыларын ортамызға шақырамыз.
1-жүргізуші: (Айару)
Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған
Әлемде сен болмасаң осылайша
Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман.
2-жүргізуші:(Айша)
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа
1-жүргізуші: (Айару)
Құрметті ата-аналар, арулар мерекелеріңіз құтты болсын.Осымен «Ана өмірдің шуағы» атты сазды бағдарламамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Ана-біздің күніміз
Атырау облысы Атырау қаласы
№24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Аты жөні: Жаңбырбай Гүлмерей Жалғасқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»
Мақсаты:1.Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
2.Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3.Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Көктем-ана,қыздар-гүл»қабырға газеті,нақыл сөздер,балалардың шығармашылық жұмыстары.Сынып шарлармен,гүлдермен безендірілді.
Бастаушы:Аналар көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын! «Ана-біздің күніміз»атты мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Хормен:
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
1-оқушы:
Әлпештеген,аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мерамыңмен құттықтаймын. Хор: «Туған күніңмен». 2-оқушы:
Кім сендерді,балалар,сүйетұғын, Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
3-оқушы:
Кім сендерді,балалар,тербететін, Еркелетіп,ойнатып,сергітетін.
Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
4-оқушы:
Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күн-шуақ,
Бізге қымбат анамыз.
5-оқушы: Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт,ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Қыздар тобы:би «Қамажай».
6-оқушы: Бойға қуат береді, Әй,жарайсың дегені.
Мен анамнан әр кезде, Соны естігім келеді.
7-оқушы: Ойнаймыз,күлеміз,
Жарқылдап,жүреміз.
Ананы сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
Вальс: «Шақырады көктем»
8-оқушы:
Қамқорсың ана өмірде,
Қуатым сенсің көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұшармын ертең көгінде.
9-оқушы:
Бал – бөбегін мақтаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді –
Көп жасасын жақсы адам.
10 – оқушы:
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтаған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Хор: «Ақ мамам»
11 – оқушы:
Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,
Мәпелейсің, аялайсың әр қашан.
12 – оқушы:
Ардақты ана,Аяулы ана,қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
13 – оқушы:
Әже маған үлгі сөзіңіз,
Өнегесіз өзіңіз.
Жақсылыққа талпынар,
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене,
Жаман деген немене,
Осындайда әжетай
Айтыңызшы өнеге.
14 – оқушы:
Құртпен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Хормен:
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән: «Ақ әжем»
Хор: «Ана туралы жыр»
Құттықтау сөз аналарға, ұстаздарға беріледі.
Ана-біздің күніміз
Атырау облысы Атырау қаласы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Аты жөні: Жанбырбай Гүлмерей Жалғасқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»
Мақсаты:1.Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
2.Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3.Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Көктем-ана,қыздар-гүл»қабырға газеті,нақыл сөздер,балалардың шығармашылық жұмыстары.Сынып шарлармен,гүлдермен безендірілді.
Бастаушы:Аналар көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын! «Ана-біздің күніміз»атты мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз. Хормен: Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар.
1-оқушы: Әлпештеген,аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мерамыңмен құттықтаймын.
Хор: «Туған күніңмен».
2-оқушы:
Кім сендерді,балалар,сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
3-оқушы: Кім сендерді,балалар,тербететін, Еркелетіп,ойнатып,сергітетін.
Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
4оқушы:
Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күн-шуақ,
Бізге қымбат анамыз.
5-оқушы:
Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт,ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Қыздар тобы:би «Қамажай».
6-оқушы:
Бойға қуат береді,
Әй,жарайсың дегені.
Мен анамнан әр кезде,
Соны естігім келеді.
7-оқушы:
Ойнаймыз,күлеміз,
Жарқылдап,жүреміз.
Ананы сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
Вальс: «Шақырады көктем» 8-оқушы: Қамқорсың ана өмірде, Қуатым сенсің көңілге. Әлпештеп мені өсірдің, Ұшармын ертең көгінде. 9-оқушы:
Бал – бөбегін мақтаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді –
Көп жасасын жақсы адам.
10 – оқушы:
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтаған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Хор: «Ақ мамам»
11 – оқушы:
Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,
Мәпелейсің, аялайсың әр қашан.
12 – оқушы:
Ардақты ана,Аяулы ана,қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
13 – оқушы:
Әже маған үлгі сөзіңіз,
Өнегесіз өзіңіз.
Жақсылыққа талпынар,
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене,
Жаман деген немене,
Осындайда әжетай
Айтыңызшы өнеге.
14 – оқушы:
Құртпен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Хормен:
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән: «Ақ әжем»
Хор: «Ана туралы жыр»
Құттықтау сөз аналарға, ұстаздарға беріледі.
Ана—өмірдің гүлі
Ана—өмірдің гүлі
«Ана – өмірдің гүлі» деп бекер айтылмаған. Ана болмаса, бүкіл ғаламат қурап қалушы еді. Ана – өмірдің тірегі. Анаң сенің сүйенішің, қолқанатың, қорғаушың, әлемдегі ең жақын адамың. Анаң сені өмірге келгеннен-ақ, әлпештеп, мәпелеп, ақ сүтімен аймалап өсірді. Сені алғаш құшағына алған да сол еді. Әрбір жан өз анасын жақсы көруі тиіс. Анаң сені кішкентай бейкүнә сәби кезіңнен-ақ мәпелеп өсірді, демек, сенде ол қартайғанда сөйтіп аялауың, қарайлауың керек. Себебі, ол сенің –парызың. Досым! Анаңа әрбір сәт сайын хабарласып, мән-жайын, хал-жағдайын сұрап тұруың міндет. Анаңды ешқашан тастама! Анаң не десе, соны орында. Қазір анаң сенің жаныңда болғандықтан, сен анаңның қадірін түсінбейсің. Ал анаң өмірден өткен соң, сен өз-өзіңе өкінесің. Неге сол кезде анамның бетінен сүйіп-сүйіп алмадым екен деп... Бірақ, ол тек сенің ойың ғана. Анаңа тіпті өз жүрегіңді беруге дайын болуың керексің. Ол себебі, бар өмірін саған алаңдаумен өткізді. Сенде анаңа алаңдап, уайымдап отыруың қажет. Әйтпесе, кейін кеш блады. Өзіңе–өзің өкпелейсің, мұңаясың, долданасың. Анаң саған бар өмірін арнады. Ешқашан сен жайлы жаман ойламады. Кей-кейде ұрысқаны болмаса, ол сені жан-тәнімен жақсы көруші еді. Анаңның саған ұрысқаны «айналайын» деген сөзімен тең. Анаң саған жақсы болсын деп ұрысады. Ал сен оны теріс қабылдап, «анам мені жақсы көрмейді» деп ренжисің. Бірақ, ол дұрыс емес. Сен есейгенде анаңа ауыр сөз айтып, көңіліне мұң, жүрегіне қаяу салма. Анаңа айтқан әрбір жылы сөзің, сені жұмаққа алып кірер есіктің кілті болмақ. «Жұмақтың кілті-ананың табанының астында» деген мақал осыдан қалған.
«Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда, қарызыңнан құтылмайсың» деген нақыл сөздің мағынасы былай түсінемін. Сен анаңды солай апарғаның өзінде, ол анаңның бір ғана толғағы болып есептеледі. Сондықтан, олай мақтануға болмайды. Анаңды мәңгілік жақсы көріп өт. Сен анаңа жылы-жылы сөздер айтып қуантсаң, анаң саған риза болады. Қаншама қиналған толғағы бекер еместігін түсінеді. Сен анаңнан жырақта жүрсеңде, анаңды ойлап жүруің керек. Себебі, анаңда сені үнемі ойлап жүреді. Ата-анаңды ешқашан қарттар үйіне тастама, саған жасаған баға жетпес жақсылығын мәңгілікке ұмытпа, досым!
Қаратай Айжан
5 «Г»сынып оушысы
Жүректің жылуын сыйлайыншы анама
«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, әріптестер. Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8 − наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдары бола берсін дейміз.
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар!
Мансұр: Қымбатты әжелер, аналар, апалар сіздерді 8 - наурыз қыздар мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Аңсар: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели! От всей души поздравляем Вас с весенним праздником 8 - марта! Желаем Вам здоровья, счастья и успехов во всем.
Нұрдәулет: Beautiful mothers, dear grandmothers, dear educators! We congratulations you on the spring holiday, 8 of March! We wish you happiness in life.
(Музыка «Жігіттер» биі, ұлдар кіреді. Жүргізушілер орнына барып тұрады.)
Би: «Жігіттер»
(ұлдар орнында тұрады, қыздар кіреді)
Би: «Вальс»
Балалар екіге бөлінеді. (ұлдар бір жаққа, қыздар бір жаққа бөлініп отырады)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ақ жаулықты әжелер, сіздерге арнап тақпақтар айтамыз.
Е.Інжу:
Қоя ғой, қарғам күнім деп
Айналар жанды жылытып
Қараса әжем күлімдеп
Кетеміз бәрін ұмытып
Ақгүл:
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын қонаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді
Әлия:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Жүргізуші: Балалардың орындауында Ән «Әжем».
Балалар отырады.
Жүргізуші:
Ана - біздің күніміз
Ана - біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз, − дей келе, балаларыңыздың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.
Данияр:
Анамыздың мерекесі
Келіп қалды жақындап
Көңілін қалай тапсам деп
Ойлап жүрмін күн - түні
Нұрдәулет:
Аналарды теңейміз ғой құндызға
Күнге де, айға да, жұлдызға
Өмір бойы анаммен
Бақытты ғой ұл - қыздар
Бексұлтан:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Жүргізуші: Ана туралы тақпақтарымызды айттық, енді әнге кезек берейік.
Ән: «Аналар мерекесі»
Жүргізуші: Балалар, енді ойынға кезек берейік.
Ойын: «Аяқ киімдерін табу»
Жүргізуші: Тобымыздың жігіттері бүгін аналарына тосын сый жасап, аналарын биге шақырады.
Би: «Вальс» (аналарымен)
Мансұр:
Ана, сен бақыттысың, жыламағын
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан да жыламағын, жыламағын
Диас:
Қабағын бір сәт шытпайды,
Жайдары ашық мінезді
Балалар үйден шықпайды
Естілмес қатал бір сөзі
Малика:
Ана – өмірдің қуанышы, тірегі
Бала – оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тілейді
Би «Қуыршақтар» (Арай, Балым, Ақбота, Ақгүл, Ботакөз, Інжу)
Жүргізуші: Балалар, қазір қай мезгіл?
- Көктем.
- Көктемде ауа - райында қандай өзгерістер болады?
- Қар ериді, жылғалардан су ағады және аналардың мерекесі болады.
- Ендеше, әнге кезек берейік.
Ән: «Көктем»
С.Інжу:
Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама
Анасыз өмір бола ма
Айтыңдаршы баршаң да?
Ақбота:
Анам менің ардақты
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын
Мәпелейді анашым
Ботакөз:
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе
Ана деген керемет
Сыйлап өтем өмірде
Сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалар амандасады) Ұлдар, аналарыңа көмектесу білесіңдер ме?
- Иә!
- Ендеше мен тексеріп көрейін.
Ойын: «Үй жинау»
Керек заттар: 2 стол, жерге шашылған қағаз, қоқыс шелегі, кәмпиттер, 2 тарелка, гүлдер, 2 құмыра.
Шарты: Қоқыс жинайды, кәмпиттер мен гүлдерді салады, алжапқыш киеді.
Сайқымазақ риза болып, қоштасып кетеді.
Орыс тіліндегі тақпақтарға кезек беріледі.
Арай:
Мамочку свою люблю
Я ей песенку спою
Обниму ее лодошкой
И на ушко прошепчу
С 8 - мартом поздравляю
Счастья я тебе желаю
Слушаться, не баловаться
Я сегодня обещаю!
Аңсар:
Маме утром я спою
Песенку такую
Чтобы сразу поняла
Как ее люблю я
Чтобы сразу догадалась
Что сегодня праздник
Чтобы мило улыбалась
Балым:
Я любимой маме
Сделаю подарок
Своими руками
Нарисую солнце
Небо и цветы
Чтобы всегда счастливой
Была, мама, ты!
Ән: «Мама» (орыс тілінде)
Аналармен ойын: «Пантомимо»
Шарты: Күнделікті үйдегі атқарып жүген тіршіліктеріңізді Пантомимо арқылы көрсетесіздер. Ол үшін мына конверттерді өз қалауларыңыз бойынша біреуін таңдаңыздар. Анасы пантомимомен конверттегі берілген тапсырманы бейнелейді, балалар табу керек.
Музыка ойналып, Көктем келеді.
Көктем: Сәлеметсіңдер ме! (амандасады, мерекемен құттықтайды) Мен - Көктеммін. Мен құстарды өзіммен бірге алып келдім. Қарлығаш ұясын киіз үйдің шаңырағына салады екен. Енді «Қос қарлығаш» деген композицияны қабыл алыңыздар.
Би: «Қос қарлығаш»
Қарлығаштар ұшып шығып кетеді. Кейін ұлдар. Көктем қоштасады, кетеді.
Қолдарына жүрек ұстап қыздар жүгіріп шығып тұрады, ұлдар да келеді, тұрады.
Музыка: «Мама», билейді.
Сыйлықтарын (жүректерін) сыйлайды, орындарына қайтып келеді.
Жүргізушінің сөзі.
Ертеңгіліктің соңы.
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№36 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы КМҚК, музыка жетекшісі
Сейдахметова Нурайша Молдашовна